USD
USD
USD

Түркістан облысында жылқыны қаққан көліктегі екі адам ауруханаға түсті

Hyundai Elantra көлігінің жүргізушісі “Батыс Қытай – Батыс Еуропа” тас жолының 611-ші шақырымында үш жылқыны қаққан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысында жылқыны қаққан көліктегі екі адам ауруханаға түсті
Фото: NEGE.kz

Түркістан, NEGE. 13 тамызда түнгі уақытта Түлкібас аудандық полиция бөліміне жылқыларды қағу дерегі бойынша хабарлама келіп түсті. Hyundai Elantra көлігінің жүргізушісі Түлкібас ауданына қарасты “Батыс Қытай – Батыс Еуропа” тас жолының 611-ші шақырымында үш жылқыны қағып, мерт қылған.

«Оқиға орнында бірден жеткен полицейлер Түркістан қаласынан Алматыға қарай бағыт алған көліктің алдынан жолдың сол жақ бетінен бірнеше жылқы атып шығып, жол апаты орын алғанын анықтады. Салдарынан көлік жүргізушісі мен бір жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді», - дейді Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі.

Жалпы көлік ішінде төрт адам болған, оның бірі - кәмелет жасына толмаған бала.

Үш жылқы тіл тартпай кеткен.

Адам шығыны жоқ, тек көлікке материалдық залал келген. Қазіргі таңда сот-медициналық сараптама тағайындалып, мал иелері іздестіріліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт