USD
USD
USD

Түркістан облысында жетім балалар баспаналы болады

 Түркістан облысының Сайрам ауданында ескі ғимарат күрделі жөндеуден өткізіліп, жетім балаларға үлестірілмек.

Түркістан облысында жетім балалар баспаналы болады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ақсукент ауылында орналасқан 2 қабатты нысанда бұрын әкімдіктің бөлім қызметкерлері отырған. Төбесінен су ағып, тозығы жеткен соң олар басқа мекемеге көшірілген. Ал ескі ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның шатырынан бастап, есік-терезесіне дейін ауыстырылды. Электр сымдары жаңартылып, дабыл қаққыш және ауа алмастыру жүйлері орнатылуда. Нысанның іші-сырты түгел қырылып, қайтадан сыланады. Мұндағы бөлмелердің көбі бір бөлмелі, арасында отбасылы адамдарға арналған екі бөлмелісі де бар. Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі мамандарының айтуынша, құрылыс жұмыстары тамыз айының ортасында толық аяқталады. Одан кейін комиссияның шешімімен жетімдер үйінің түлектеріне беріледі деп жоспарланып отыр. Жоба құны 68 млн теңге.

Сайрам ауданында тұрғын үйге мұқтаж азамат ретінде 1700 адам кезекте тұр. Тұрғын үй қатынастары туралы заңына сәйкес, бірінші кезекте жетім балалар үймен қамтылады.  

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде әкімдік ғимаратындағы өрт толық сөндірілді

.

Ақтөбеде әкімдік ғимараты өртенді

.

«Бүгін түнде тұтас бір өркениет жойылады»: Трамп Иранға қатысты тағы мәлімдеме жасады

Дональд Трамп

Тоқаев жұмыскерлердің еңбек құқығын күшейтуге қатысты заңға қол қойды

Наурыз мейрамы