USD
USD
USD

Түркістан облысында жасөспірім суицид жасады

5 қарашада Төлеби аудандық полиция бөліміне жедел жәрдемнен жасөспірімнің өз үйінің ауласындағы мал қорада жіпке асылып қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлады полицияның телеграм каналы. 

Түркістан облысында жасөспірім суицид жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ақпарат алысымен полицейлер бірден оқиға орнына барып, тексеру жұмыстарын жүргізді. Сырттай қарау барысында мәйітте зорлық-зомбылық белгілері не болмаса басқа да дене жарақаттары табылмады. Ал өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 105-бабы "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды.

Төлебилік тергеушілер жасөспірімнің жақындарынан, мектеп ұжымы мен оқушылардан жауаптар алуда. Мектептегі бейнебақылау камералары мұқият тексерілуде. Қазіргі таңда оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Қазір оқып жатыр

«Ақ жол» Respublica-ға: Біз беделді сөзбен емес, іспен жинадық

.

Елордадағы Бас мешіт енді «Нұрсұлтан мешіті» деп аталады

.

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков