USD
USD
USD

Түркістан облысында жас әйел екі адамнан бес миллионға жуық ақша жымқырған

Әйел түркістандықтарды «Даму» бағдарламасы бойынша қайтарымсыз ақша алып беруге сендіріп, біреуінен 2 600 000 теңге, екіншісінен 2 200 000 теңге ақша алған. Алайда, жарты жылдан астам уақыт өтсе де, күдікті берген уәдесін орындамады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысында жас әйел екі адамнан бес миллионға жуық ақша жымқырған
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE.Жәбірленушілерге келген жалпы шығын көлемі 4 800 000 теңге.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.

«Тәртіп сақшыларының жедел іс-шаралар жүргізуі барысында, күдікті әйелдің жеке-басы анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Күдікті жеңіл жолмен ақша табу мақсатында осындай қадамға барған. Күдікті жас әйел жәбірленушілерден алған қаражатты жаратып жіберген. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр», - дейді Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

Полицейлер тұрғындарға мұқият болуды ескертіп, әртүрлі жәрдемақы алуда немесе жұмысқа орналасуда күмәнді қызметтер ұсынатын адамдарға сенбеуге кеңес берді.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында көліктерді заңсыз тіркеген полиция және «ЦОН» қызметкерлері сотталды

көлікті заңсыз тіркеу

Қызға талап көп, ұлға неге аз: Қазақстанда әкелер институты әлсіреді ме

отбасы, ата-ана, әке

Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 87 долларға дейін түсті

мұнай бағасы

Тоқаев Құрылтайдың алғашқы сессиясын 28 тамызға шақырды

Халық Кеңесі