USD
USD
USD

Түркістан облысында үйінен кетіп қалған жасөспірім Шымкенттен табылды

Түркістан облысында үйінен кетіп қалған жасөспірім қыз Шымкенттен табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында үйінен кетіп қалған жасөспірім Шымкенттен табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ордабасы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйелдің айтуынша, екі күн алдын түнгі уақытта 14 жастағы қызы үйінен ешкімге ескертпестен шығып кетіп, осы уақытқа дейін оралмаған. Жақындары өздіктерімен іздегенімен, еш нәтиже шықпаған. Ақпарат алысымен полицейлер аталған жайтты тіркеп, бірден іздестіру жұмыстарына кірісті. Ордабасы аудандық полиция бөлімінің криминалистік полиция инспекторы Диас Асқар жасөспірім қыздың туыстарымен бірге іздеу жұмыстарын жүйелі жүргізді. Жасөспірімнің баруы, хабарласуы мүмкін дос-туыстарынан жауап алынды.

Қоғамдық көліктер, такси жүргізушілерінен сұрастырылды. Соның нәтижесінде 14 жастағы қыздың түнгі уақытта таксимен Шымкент қаласына кеткені белгілі болды. Яғни, полицейлер бірнеше сағат ішінде жоғалған қыздың жүрген жерін анықтады. Ол Шымкент қаласындағы автобекетте жалғыз өзі жүрген жерінен табылды.

Полиция қызметкерлерінің арқасында анықталғандай, жасөспірім қыз ата-анасынан қыдырып келуге рұқсат сұраған. Алайда ата-анасы қызын жібермеген. Сол себепті қыз үйінен кетіп қалған. Қазіргі таңда 14 жастағы қыз отбасымен қауышып, аман-есен үйіне жеткізілді. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Қазір оқып жатыр

Екі экс-министрдің арызынан кейін Гүлнар Бажкеноваға айыппұл салынды

Гульнара Бажкенова

«Әділет» партиясы Қазақстанның барлық өңіріндегі филиал басшыларын жасақтады

"Әділет" партиясы

Атырау облысында жеті әкім қоқыс үйіндісі үшін жауапқа тартылды

әкімшілік жаза

Түркістанда жол апатынан полиция капитаны көз жұмды

Бауыржан Қонысбеков