USD
USD
USD

Түркістан облысында туу көрсеткіші жоғары

Түркістан облысы облысы елімізде туу мен табиғи өсім көрсеткіштері бойынша көш бастап тұр.

Түркістан облысында туу көрсеткіші жоғары
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы облыстық Статистика департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Айдар Әбілдабековтың айтуынша, өткен жылдың қорытындысымен туу мен табиғи өсім көрсеткіштері бойынша өңір республика көлемінде алғашқы орында тұр.

Осы мерзімде облыста 55 845 бала өмірге келген.

«2020 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша Түркістан облысы халқының саны — 2 018 116 адамды құрады. Соның ішінде қалалық жерде — 405 539 адам, ауылдық жерде — 1 612 577 адам тұрады. 2019 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда халық саны 36 369 адамға немесе 1,8%-ға өскен. Өңірде ұл балалардың көп туылу тенденциясы әлі де сақталуда. Орта есеппен 1 000 қыз балаға 1 069 ұл бала өмірге келді», – деді Айдар Әбілдабеков.

Сонымен қатар, былтыр көші-қонмен облысқа келген халықтың саны – 55 385 адамды құраған. Ал, облыстан 66 665 адам көшіп кеткен.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда 1 қазаннан бастап жұмыссыз деп тануға дейінгі мерзім 13 күнге ұзарады

Жұмыс іздеуші

Дастан Сәтпаев Англияда Қазақстанның U-21 құрамасымен кездесті

Қазақстан ұлттық футбол құрамасы

«Мәдениет саласынан орын табар»: ІІМ орынбасары билеген полицейлерге қатысты пікір білдірді

Полиция қызметкерлері

Orda.kz-тің бұрынғы бас редакторы Гүлнар Бажкеноваға шыққан үкім өзгеріссіз қалды

Гульнара Бажкенова