USD
USD
USD

Түркістан облысында төрт ай бұрын суға кеткен студенттің мәйіті табылды

Түркістан облысында суға кеткен екі шетелдік студенттің бірінің мәйіті табылды. 

Түркістан облысында төрт ай бұрын суға кеткен студенттің мәйіті табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Республикалық жедел-құтқару жасағы Ақсу өзенінен Ханарық ауылына қарай 1,5 шақырым жерде адам мәйітін тапты. Қазіргі таңда сараптама жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек екінші студенттің де денесін іздестірілуде. Оған Республикалық жедел-құтқару жасағы мен облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен 12 құтқарушысы мен 2 жүзу құралы жұмылдырылды. Айта кетейік, биылғы жылы 26 маусымда Төле би ауданы, Ханарық ауылынан 5 шақырым жерде Ақсу өзеніне екі шетелдік студент батып кеткен еді. 21 адамнан құралған топ – Шымкент қаласынан келген Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері. Барлығы Үндістан Республикасының азаматы. Қайғылы жағдайдан кейін суға кеткен екі жігіттің ата-аналары да Қазақстанға келіп, іздеу шараларына қатысқан болатын.  

Қазір оқып жатыр

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити