USD
USD
USD

Түркістан облысында той жасау тыйылмай тұр

Түркістан облысында жасырын той жасаушылар көбейген.

Түркістан облысында той жасау тыйылмай тұр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Түркістан облысында жасырын той жасайтындар аз емес. Карантин кезінде думандатып, шектеулерге шекесінен қараған 506 адам әкімшілік жазаға тартылды. Тәртіптік қадағалаулар отбасылық жиын-той өткізушілерге тосқауыл болмай тұр. Мәселен, Арыс қаласындағы мына бір тойхана карантинді елемей, күнде той өткізген. Ал Келес ауданында өз үйінде беташар жасағандар бар. Шардаралықтардың да бағынғысы жоқ. Ондағы тұрғынның бірі туыстарын жинап, құдаларын қарсы алған. Түркістан мен Кентау да қалысар емес. Той өткізуді тоқтатпаған он шақты тойхана иесіне айыппұл салынды.

Облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Әбдуғани Сейдуалиев: "Мобильдік топтармен 5550 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, осының 4373-іне 223 млн теңгеден аса айыппұл салынды. Бұның 500-ден астамы – той, құдалық жасағандар. Қалғандары кәсіпкерлердің шектелген уақытты бұзуы және маска тақпай жүрген азаматтарға қатысты", - деді. 

Қазір оқып жатыр

Ақтаудағы МАЭК-те екі жұмысшы тұз қышқылынан күйік алды

МАЭК

Ақмола облысында колледж студенті бұрынғы сыныптасын пышақтап кеткен

мұғалімді пышақтады

Алматыда Жириновскийдің құрметіне естелік тақта орнату ұсынылды

Владимир Жириновский

Трамп Вашингтонда тілшілермен болған кешкі астан шұғыл эвакуацияланды

Трамп