USD
USD
USD

Түркістан облысында тігін цехы ашылды

Төлеби ауданында жалпы құны 735 млн теңгені құрайтын 2 ірі инвестициялық жоба іске асырылды. Нәтижесінде 250 адам жұмыспен қамтылды.

Түркістан облысында тігін цехы ашылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазіргі таңда Ленгір қаласынан құны 550 млн теңге болатын «KAZPLAST» ЖШС киім тігу цехының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоба 2022 жылы іске қосылса, 250 адам жұмыспен қамтылады. Сондай-ақ «Балмұздақ» ЖШС өнім көлемін ұлғайту мақсатында құрал-жабдықтар алуға 185 млн теңгеге инвестиция тартып отыр. Ауданда өнеркәсіп саласында 2021 жылдың басынан 36 млрд 236 млн теңгенің өнімі өндірілген.

«Ауданда негізгі капиталға бағытталған инвестициялар көлемі 2021 жылдың 9 айында 10 млрд 946 млн теңгеге жетіп, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14,6 пайызға артты. Сондай-ақ ауданда 7 163 кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Оларда жұмыспен қамтылғандар саны — 15 902 адам. Кәсіпкерлік субъектілернің өндірген өнім көлемі 33 млрд 317 млн теңгені құрады», — деді аудан әкімі Төлеген Телғараев.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе