USD
USD
USD

Түркістан облысында тау шаңғы курорты салына ма?

Түркістан облысында тау шаңғы курортының құрылысы жүргізіледі.

Түркістан облысында тау шаңғы курорты салына ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Түркістан облысында «Қасқасу» тау шаңғы курортының құрылысын жүргізу  қайта қолға алынбақ. Ауқымды жобаны жүзеге асыру шаралары 6 жылдан бері талқыланып келеді. Құрылыс жұмыстары 2021 жылы басталмақ. Төле би ауданындағы тау бөктеріне салынатын курорттық демалыс аймағының негізгі бастамашысы – әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация. Алдағы уақытта мұндағы тау етегінде шаңғы жолы, қонақүй сияқты демалысқа арналған барлық қажетті нысанмен толығатын болады. Курорттық аймақ алаңының көлемі 280 гектарды қамтиды. Жоба құны 24 млрд теңгеден асып жығылады. «Қаржының жартысын инвестор құюға ниетті», – дейді осы жобаға жауаптылар.

Облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов: "Мемлекет тарапынан тартылған инвестиция инфрақұрылым жүйелерін де қамтиды. Бұл – көгілдір отын, электр қуаты, жол салу т.б. жұмыстар. Ал инвестор өз тарапынан мұнда коттедждер тұрғызады. Құз қияларды ретке келтіреді, тегістейді. Яғни демалушыларға, туристерге толық жағдай жасайды", - дейді.

Қазір оқып жатыр

Тағдыр тауқыметін тартқан жүз әйел көлік жүргізуді тегін үйреніп шықты

Көлік апаты

«Қазатомөнеркәсіп» акциялары 4%-дан астам құлады: сарапшылар не дейді?

Қазатомөнеркәсіп

«Ғаламат ғасыр» жұлдызы мен Түркияның өзге де танымал тұлғалары есірткі ісі бойынша ұсталды

Дениз Чакыр

«Таңғы 7:00-де жұмысқа келсін»: Қырғыз депутаты Бішкектегі кептелісті азайтудың жолын ұсынды

уақыт