USD
USD
USD

Түркістан облысындағы тас жолда Ресейден келе жақан ауыр жүк көлігі өртенді

Ресейден Тәжікстанға бет алған үлкен жүк көлігі Түркістан облысында жолда жанып кетті, - деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

Түркістан облысындағы тас жолда Ресейден келе жақан ауыр жүк көлігі өртенді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Төтенше жағдай 9 сәуірде кешкі сағат 21.00-де болғаны хабарланды. Аудандық полиция бөлімінің 102 пультіне Жиенқұм ауылының жанындағы Самара-Шымкент тасжолының 73-шақырымында жүк автокөлігі жанып жатқаны туралы хабарлама түскен.

"Оқиға орнына аудандық бөлімнің жедел-тергеу тобы шықты. Мұқият тексеру кезінде тәртіп сақшылары Ресейден Тәжікстанға бара жатқан Volvo маркалы жүк көлігі тіркемесінің баллоны жанғанын анықтады", - деп хабарлады аймақ полицейлері.

Ақпарат бойынша, өздігінен жанған үлкен жүк тиегіш тұрмыстық техникамен бірге толық өртеніп кеткен. Материалдық залалдан басқа зардап шеккендер жоқ. Жүргізуші құжаттармен бірге жүк көлігінен шығып үлгерген.

Өрт сөндірілді. Жол тазаланып, қозғалыс ашық.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер