USD
USD
USD

Түркістан облысында таныс көршісіне сенген тұрғын 8 млн теңгесінен айырылып қалды

Сарыағашта таныс көршісіне сенген тұрғын 8 млн теңгесінен айырылып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында таныс көршісіне сенген тұрғын 8 млн теңгесінен айырылып қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, таныс көршісі мал қора сатып алып беремін деп сендіріп, алаяқтық жолмен 8 миллион теңге ақшасын жымқырып, бір жыл бойы алдап келгенін көрсеткен.

Аталған фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды. Аудандық тәжірибелі полицейлерден құрылған жедел-тергеу тобы жергілікті тұрғынды арбауына түсірген алаяқты ұстауға қажетті шараларды жасады. Анықталғандай, күдікті  қаражатты өзінің қажеттілігі үшін жұмсап жіберген.

Сондай-ақ осындай жалған уәде беріп, тағы бір тұрғынды алдап үлгерген. Қазіргі таңда күдікті ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Алматы 265-орында: Қазақстанның үш қаласы әлемдік рейтингке енді

Алматы

Нақты дерек пен қауесет: Almaty Superski жобасына қарсы шыққан «экобелсенділердің» уәжі неге сенімсіздік тудырады?

Almaty Superski бойынша өткен баспасөз мәслихаты

КҚК-ға жасалған шабуылдардың салдары Қазақстан экономикасына қалай әсер етті?

КТК

Акция анда-мында. ERG НЕГЕ 1,7 триллион теңгеге бағаланды?

ERG