USD
USD
USD

Түркістан облысында спорт кешені ашылды

Ордабасы ауданындағы Төрткөл ауылдық округінде «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында заманауи спорт кешені пайдалануға берілді. 

Түркістан облысында спорт кешені ашылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2,3 гектар аумаққа орналасқан спорт кешенінің сыртында футбол, шағын футбол, баскетбол және волейбол мен воркаутқа арналған алаңдар бар. Сондай-ақ, еркін күрес, грек-рим күресі, самбо, дзюдо, бокс бойынша күнделікті жаттығулар өткізілетін залмен қатар қол добы, үстел теннисі, баскетбол, волейбол сынды командалық ойындармен айналысуға жағдай жасалған.
Ауыл тұрғындары мен жастарды бұқаралық спортқа баулитын дене шынықтыру және сауықтыру кешенін аралап көрген облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ауыл тұрғындары үшін спортпен айналысуға жағдай жасау жалғасатынын айтты.
Сонымен бірге облыс әкімі осы кешенде жаттығып жүрген жергілікті жас спортшы, бокстан Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері Аралбек Қосымбайдың бокс қолғабына қолтаңбасын қойып, спорттағы қадамына сәттілік тіледі.

Қазір оқып жатыр

Аида Балаева Құрылтай депутаттарына қатысты сынның буллингке ұласып бара жатқанын айтты

Мәдениет және ақпарат министрі

Қазақстан – Қырғызстан шекарасында жүздеген жүк көліктері жиналып қалды

.

Алматыда электросамокатпен келе жатқан ер адам қаза тапты

Элеткрсамокат

18 жастағы Сәтпаевты «Бернли» бапкері бүкіл командаға үлгі етті

Дастан