USD
USD
USD

Түркістан облысында шетелдік азаматтың жүк көлігінен есірткі табылды

Түркістан облысында шетелдік азаматтың жүк көлігінен есірткі табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында шетелдік азаматтың жүк көлігінен есірткі табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізу барысында Б.Қонысбаев бекетінде есірткі заттарын заңсыз тасымалдады деген күдікпен шетел азаматын ұстады.  Өзбекстан Республикасына бет алған Volvo жүк көлігінің жүргізушісі, яғни шетелдіктің құжаттарын тексеру кезінде көлікте тұрған киімінің қалтасынан есірткі затына ұқсас затты тапты. 

Тәртіп сақшылары айғақты затты сараптамаға жіберіп, нәтижесінде гашиш екені анықталды. Күдікті, яғни Өзбекстан азаматы қосымша тергеу жұмыстарын жүргізу үшін аудандық полицияға жеткізілді. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексі 286-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала

Қайрат Сатыбалдының мемлекетке сыйға тартқан қонақүйі үш есе арзанға сатылды

DoubleTree by Hilton

Ресейлік сарапшылар мен дипломаттар Тоқаевтың Жолдауын талқылады

.