Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Түркістан облысында шекарадан гашиш алып өтпек болған өзбекстандық ұсталды

Түркістан облысында қызметтік иттің көмегімен шекарадан гашиш алып өтпек болған өзбекстандық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында шекарадан гашиш алып өтпек болған өзбекстандық ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Жібек жолы шекарасының бақылап-өткізу бекетінен есірткі алып өтпек болған Өзбекстан Республикасының азаматын ұстады.

Нақтырақ айтсақ, өзбекстандық тұрғын өзінің басқаруындағы Daewoo Nexia автокөлігімен Қазақстанға өтерде оған Джайма атты ит белгі берді. Оқиға бойынша тәртіп сақшылары бірден тексеру жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде, күдіктінің жазғы аяқ-киімінен полиэтилен пакетке салынған есірткі затына ұқсас зат табылды. Полиция қызметкерлері табылған айғақты затты тәркілеп алып, аталған жайтты ҚР ҚК-нің 286-бабы 1-бөлігі (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша тіркеуге алды. Сараптама тағайындалды.

Зерттеу қорытындысы шетелдіктен алынған заттың гашиш есірткісі екенін анықтады. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Отбасы банк: зейнетақы жинақтарының шегін арттыру ипотекалық өтінімдеріне әсер етпеді

Ұмай

Қазақстанда тұрғын үй саудасы түсіп барады

тұрғын үй нарығы

Атырау облысында полицейлерді тепкілеген үш тұрғын сот залында қамауға алынды

блогер соты

Қазақстанда әкімдіктердің біржолғы төлемін кім алатынын енді ЖИ анықтайды

көмек