Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Түркістан облысында пневмония неге өршіп тұр?

Түркістан облысында өкпенің қабынуы дертіне шалдыққандардың саны күрт өсіп кеткен. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Түркістан облысында пневмония неге өршіп тұр?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Түркістан қаласының орталық ауруханасына тұмау белгілерімен дәрігерге қаралғандар көбейген.  Науқастардың дені қызуының көтеріліп, жөтелетінін және әлсіз сезінетіндерін айтқан. Тексеру барысында олардың өкпесі қабынғаны анықталуда.

"Науқастар негізінен пневмонияға шалдыққан. Тексеру барысында коронавирус инфекциясына теріс нәтиже шығуда. Статистика бойынша қазіргі таңда Түркістан облысы бойынша провизорлық ауруханаларда 121 науқас пневмониядан ем қабылдауда. Жалпы, 87 азамат жазылып шыққан» деп жазылған ресми хабарламада.

Бүгінге дейін Түркістан қаласында 129 адамнан коронавирус табылған, 62 науқас жазылып шыққан.

Қазір оқып жатыр

Шабуылдардан кейін Қазақстан мұнайы КҚК терминалы арқылы қайта жөнелтіле бастады

Қазақстан мұнайы

Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?

сайлауалды науқан

Мемлекет басшысы Астанада жасанды интеллект бойынша IOAI-2026 халықаралық олимпиадасын ашты

IOAI

«Ауылдағы интернет пен қазақстандықтарға арналған ЖИ»: «Әділет» партиясы неге өзін «цифрлы партия» деп көрсетеді

сұхбаттан үзінді