USD
USD
USD

Түркістан облысында өзенге құлап кеткен 4 жасар қыздың денесі табылды

Түркістан облысында 9 күн бұрын өзенге құлап кеткен 4 жасар қыздың денесі табылды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркістан облысында өзенге құлап кеткен 4 жасар қыздың денесі табылды
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE.Бүлдіршіннің денесі оқиға болған аймақтан 10 шақырым жерде, өзен бойынан табылған. Жергілікті тұрғындар қыздың денесін судан алып шыққан.

Оқиға орнына Түркістан облысының және Шымкент қаласының ТЖД мамандары мен полиция қызметкерлері барды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 17 наурыз күні сағат 17:00 шамасында үлкендердің қарауынсыз Арыс өзеніне ойнауға барған 4 жастағы бүлдіршінді су ағызып әкеткен болатын. Содан бері іздестіру жұмыстары тоқтаусыз жүргізіліп келді.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе