USD
USD
USD

Түркістан облысында өлі табылған туристің кім екені белгілі болды

ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли бүгін мәйіті Сайрам-Өгем шатқалынан табылған адам туралы алдын ала мәлімет берді.

Түркістан облысында өлі табылған туристің кім екені белгілі болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Алдын ала мәліметтер бойынша, табылған адам - 2004 жылы туған турист. Ұлының денесін әкесі таныды", - деді Уәли.

Еске салайық, бүгін Сайрам-Өгем шатқалында құтқарушылар Түркістан облысының тауларында жоғалып кеткен студенттердің бірінің денесін тапты. Шатқал теңіз деңгейінен мың метр биікте орналасқан.

Іздеу жұмыстарына Түркістан облысы ТЖ және полиция департаменттерінің, ҰҚК Шекара қызметінің, орман шаруашылығының, Өзбекстан Республикасы ТЖМ 127 қызметкері, 15 дана техника, 3 квадрокоптер, 3 кинологиялық есеп, 1 тікұшақ және жоғалған туристердің туыстары жұмылды. Іздеу жұмыстары сегіз бағыт бойынша жүріп жатыр.

Бұған дейін жоғалған үш турист құтқарылып, екеуінің денесі табылған болатын.

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға