USD
USD
USD

Түркістан облысында өлі табылған турист кім екені анықталды

Түркістан облысының полицейлері бүгін Төле би ауданына қарасты «Сайрам-Өгем» шатқалында табылған туристің мәйітін туыстарына тапсырды.

Түркістан облысында өлі табылған турист кім екені анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыстың полиция департаменті баспасөз қызметі өкілдері Түркістан облысы тауларында жоғалып кеткен жеті туристің соңғысы табылғанын хабарлады. Жоғалған студенттердің бірінің туысы мүрдені танығанын айтты. Бұған дейін ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли Түркістан облысының тауларынан тағы бір мәйіт табылғанын хабарлаған еді.

 Еске салайық, 25 мамырда Түркістан облысының тауларында жеті туристің жоғалғаны белгілі болды. Олар екі топқа бөлінген. 

28 мамырда тікұшақпен үш адам тірі табылды. Олардың екеуі 1999 жылғы және біреуі – 2000 жылғы.

29 мамырда құтқарушылар тағы екі туристің мәйітін тапты. Жоғалған студенттердің бірі 12 маусымда өлі табылды.

Құтқарушылар бүгінге дейін туристердің соңғысын іздеп келді. Іздеу 27 күнге созылды.

Жоғалған жеті адамның алтауы Назарбаев Университетінің студенті екені белгілі. Аталған дерек бойынша Түркістан облысының полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр. 

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға