USD
USD
USD

Түркістан облысында оқушылар акт залында оқиды

Түркістан облысы, Келес ауданындағы орта мектепте оқушылар сыймай жатыр.

Түркістан облысында оқушылар акт залында оқиды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мектепте сынып бөлмелері жетпегендіктен қосалқы бөлмелер де кабинетке айналған. "Балалар тіпті АКТ залында түрегеп тұрып сабақ оқиды" дейді ата-аналар. Олардың айтуынша, тар бөлмелерде карантин талаптарының сақталуы екіталай.

Келес ауданының Ақжол ауылында бір ғана мектеп бар. Оның өзі-ескі. 600 орынға лайықталған мектепте мыңға жуық бала білім алады. Сынып бөлмелерінің тапшылығын мектеп басшылығы да растап отыр. Білім ошағының қосалқы бөлмелеріне дейін сынып кабинетіне айналған. Зертхана, киім ауыстыратын жерді де, тіпті әжетхананы да қажетке жараттық дейді ұстаздар.

Кей күндері мұғалімдер бөлмесінде де сабақ өтуге тура келетінін жасырмады. "Сыныптарды бөлетін кабинет таппағандықтан бір кабинетке екі мұғалім кіріп сабақ өткізіп жатты. Сондықтан АКТ залын қарастырамыз деп отырмыз. Парта қойып, орындық қойып, балаларды сол жерде оқытуға", - дейді мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Луиза Ақбай.  

Мектептегі парта мен орындықтар да әбден ескірген, дейді ата-аналар. Мектеп басшылығы қарсы беттегі бос ғимаратты сұрап, екі жылдан бері жоғарыға бірнеше рет хат жазған. Бірақ әзірге нәтиже жоқ. "Бала саны көп болғандықтан мектепті кеңейту қажет. Мектеп алдында сұралып жүрген ғимарат тұр. Қазір оны әкімшілік балансына өткізу процесі жүріп жатыр. Ол шекара қызметіне тиесілі болатын", - дейді Келес аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Насыр Сматов. 

Шешілген күнде ғимарат мектепке беріле ме, жоқ па ол жағы белгісіз. Немесе ауылға жаңа мектеп салына ма, аудандық өкіл онан да бейхабар. Бірақ парта мен орындық, тақталарға сұраныс жасалды деді, ал оның да қашан жеткізілетінін нақты айта алмады.  

Қазір оқып жатыр

Астаналықтар аурухана жанындағы құрылысқа қарсы петиция жариялады

.

Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

Ердоған, Тоқаев

Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен

ауа сапасы

Атырау облысының әкімдігі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты

.