USD
USD
USD

Түркістан облысында оқушы қыз кәмелет жасына толмаған жігітті бауыздап өлтірді

Түркістан облысында жасөспірімді пышақтап өлтірген. Күдікті ретінде мектеп оқушысы қамауға алынды, деп хабарлайды Отырар арнасы.

Түркістан облысында оқушы қыз кәмелет жасына толмаған жігітті бауыздап өлтірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл жантүршігерлік жағдай Шардара ауданында болған. Полиция бөліміне көшеден белгісіз ер баланың мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобының қызметкерлері марқұмның жеке басын анықтады. Сондай-ақ, ас үй пышағы мен басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Бір сағат ішінде күдікті де қолға түскен. Ол - кәмелет жасқа толмаған қыз бала. Өз әрекетін толық мойындаған. Қазір бұған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды.

«Белгілі болғандай, түнгі сағат 3.00 шамасында күдікті жәбірленушімен кездескен. Кездесуде жасөспірім қыз өзімен бірге пышақ алып келіп, жанжалдасу кезінде жәбірленуші жасөспірімге пышақ жарақатын салған. Жасөспірім ер бала алған дене жарақатынан сол жерде қайтыс болды», – делінген Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық