USD
USD
USD

Түркістан облысында мұғалімдердің 26 млн теңге жалақысы ұрланған

Түркістан облысы мұғалімдерінің жалақысынан 26 млн теңге ұрлаған, деп хабарлады «Отырар».

Түркістан облысында мұғалімдердің 26 млн теңге жалақысы ұрланған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Шымкенттік азамат Шардара ауданының мұғалімдерінің жалақысын ұрлап келген. Нақтырақ айтқанда, интернет арқылы ұрлық жасап, 26 млн. теңге шығын келтірген. 1С бухгалтерлік бағдарламасын меңгерген күдікті қомақты қаржыны өз есепшотына аударған», - деп хабарлады басылым.

Белгілі болғандай, алаяқ ақшаны ойынханаларға жаратып жіберген. Ұстау барысында Т1,5 млн қолма-қол ақша тәркіленді.

«Күдікті 188 баптың 4-ші бөлігімен кінәлі деп танылып, оған нақты 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - деді Шардара ауданының прокуроры Руслан Әбдіраимов.
Бүгінде мұғалімдерге жалақысы ішінара қайтарылған. Ал қалған сома күдіктіден қосымша өндіріледі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Екі экс-министрдің арызынан кейін Гүлнар Бажкеноваға айыппұл салынды

Гульнара Бажкенова

«Әділет» партиясы Қазақстанның барлық өңіріндегі филиал басшыларын жасақтады

"Әділет" партиясы

Атырау облысында жеті әкім қоқыс үйіндісі үшін жауапқа тартылды

әкімшілік жаза

Түркістанда жол апатынан полиция капитаны көз жұмды

Бауыржан Қонысбеков