Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Түркістан облысында мектеп қазандығы жарылып кетті

Түркістан облысында мектеп қазандығы жарылып, бір адам қайтыс болды.

Түркістан облысында мектеп қазандығы жарылып кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқиға бүгін таңғы сағат 08:24 шамасында Сайрам ауданы, Қайнар Бұлақ ауылы, Ошақты елдімекенінде болған.

Т.Рысқұлов көшесінде орналасқан шағын жинақты орта мектеп аумағындағы қатты отын қолданылатын қазандық жарылған. Оқиға орнында 1963 жылы туған от жағушы көз жұмды. Ал, ғимараттың 20 шаршы метр шатыры мен қабырғаларына зақым келген.

«Төтенше жағдай департаментінің 7 қызметкері мен 2 техникасы және полиция департаментінің 8 қызметкері мен 2 техникасы оқиға орнына жұмылдырылы. Жарылыстың салдары мен материалдық шығын анықталуда» - дейді Сайрам ауданының Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Мұхан Баймбетов.

Қазір оқып жатыр

«Бақытжан Базарбек адамды қағып кетті» деген ақпарат тарады: полиция не дейді?

Базарбек

Қостанай облысында Тобыл өзеніне ер адам мен кәмелетке толмаған қыз батып кетті

.

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.