USD
USD
USD

Түркістан облысында мал ұрлауды кәсіп қылған екі ер адам ұсталды

Келес аудандық полиция бөліміне 6 ауыл тұрғыны арыз қалдырған. Олардың айтуынша, белгісіз біреулер олардың ірі-қара малдарын қолды еткен, деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында мал ұрлауды кәсіп қылған екі ер адам ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жоғалған малдарын тұрғындар өз күштерімен іздеген, алайда нәтиже болмаған соң полицияға шағымданған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, полиция қызметкерлері мал ұрлығын жасағандардың ізіне шығып, екі күдікті ер азаматты ұстады. Олар жұмыссыз жүрген жас жігіттер.

Жәбірленушілерге 2,5 миллион теңге көлемінде шығын келтірген. Полиция қызметкерлері аталған фактіні ҚР ҚК-нің 188-1 бабы (Мал ұрлығы) бойынша тіркеді. Анықталғандай, ұрылар жергілікті тұрғындардың жайылымдарда қараусыз қалған және қорада тұрған төрт түлігін жымқырып, жүк көлігімен артып әкеткен. Содан кейін олар ұрланған малды арзан бағамен сатып, түскен ақшаны өзара бөліп алған.

Қазіргі таңда күдіктілер қамауға алынып, оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар