USD
USD
USD

Түркістан облысында құс атқандардың оғы жасөспірімнің басына тиді

Түркістан облысында құстарды ату кезінде қайғылы оқиға болды, деп хабарлады Полиция.

Түркістан облысында құс атқандардың оғы жасөспірімнің басына тиді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Анықталғандай, 8 шілде күні кешке Қазығұрт ауданындағы ЖШС-нің бірінің егіс алқабында жүзім бағында құстарды ату үшін жалданған ер адамның атқан оғы байқаусызда жасөспірімнің басына тиген.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 104-бабы 1-бөлігі "Абайсызда қазаға ұшырату" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оқиға орнына Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің басшылығы, аудан прокуроры мен жедел-тергеу тобы бірден келді.

Күдіктіден 12 калибрлі аңшы мылтығы алынды. Сараптама тағайындалды.

Күдікті Сарыағаш ауданының тұрғыны полиция бөліміне жеткізілді. Барлық мән-жайлар анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Qarmet ұжымының ұйымшылдығы мен еңбегін жоғары бағалады

.

Алматыдағы Dostyk Plaza сауда орталығында дабыл қағылып, келушілер сыртқа шығарылды

Dostyk Plaza

Орал қаласы әкімінің орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынды

Шенеунік

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру шегі 1,5 миллион теңгеге дейін көтерілмек

Смартфон