USD
USD
USD

Түркістан облысында құны Т2 млн-нан асатын алма бағы салынды

Түркістан облысында құны Т2 млн астам тұратын алма бағы салынды, деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Түркістан облысында құны Т2 млн-нан асатын алма бағы салынды
Фото: NEGE.kz


Алматы, NEGE. «Түркістан облысы Сайрам ауданында жалпы аумағы 100 гектар болатын 7 қарқынды отбасылық алма бағы салынды. Қосымша 17 гектар жерге бауға қажетті инфрақұрылымдық жүйелер енгізілді. Яғни, бау-бақша айналасында сорғы, сүзгілеу станциялары, коммуналдық ғимарат, жол, қоймалар, өткізу пункті, құдық және т.б. қарастырылған. Жобаның жалпы құны - 2 097,3 млн теңгені құрайды», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Хабарда нақтылағандай, алма бағы жылына 4 500 тоннаға дейін өнім беруге қауқарлы. Бұл отбасылық бақтарда алманың Гала, Голден Делишес, Фуджи, Гренни, Смит сорттары M9 тамырына отырғызылған.
Айта кетейік, бұл жобалар Түркістан облысы инвестиция және экспорт басқармасына қарасты «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы арқылы жүзеге асырылып отыр.

Қазір оқып жатыр

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.

Іскерлік кеңес: Шаруалардың жай-күйі «Әділет» партиясының назарында

.

Автошеру мен жалған келісімшарттар: Санжар Боқаевқа қандай айып тағылған?

бокаев

Екі пәтер, Camry көлігі, 1,2 млн теңге жалақы: еңбек министрі отбасының табысы туралы айтты

Асқарбек Ертаев