USD
USD
USD

Түркістан облысында көлік ұрлаған қойшы Қызылордадан ұсталды

Түркістан облысы Сауран ауданының полиция қызметкерлері көлік ұрлаған күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында көлік ұрлаған қойшы Қызылордадан ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сауран аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын есігінің алдында тұрған Нива автокөлігін белгісіз біреудің рұқсатсыз жүргізіп кеткені жайында арыз түсірген.

Аталған факті бойынша саурандық сақшылар тергеу амалдарына кірісіп, ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы (Автокөлікті немесе өзге де көлік құралын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иемдену) бойынша қылмыстық іс қозғалып, көлік ұрлығы бойынша жедел жұмыстарды жүргізеді.

Нәтижесінде тәртіп сақшылары көлік ұрлаған азаматты Қызылорда қаласында қолға түсірді. Күдікті бұрын сотты болған Ақтөбе қаласының тұрғыны, жәбірленушінің қойшысы екені анықталды.

Қолды болған автокөлік заңды иесіне қайтарылды. Білікті тергеушілер күдіктіге қатысты тергеу амалдарын жүргізіп, іс сотқа жолданды.

Қазір оқып жатыр

Данияр Елеусіновтің әйеліне қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды

Данияр Елеусінов

Рақышев пен Ибрагимов қаржы құйған рамен бизнесінің қазіргі жағдайы қандай?

Кеңес Рақышев, Шухрат Ибрагимов

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер