USD
USD
USD

Түркістан облысында қойшы мың бас қойымен бірге тірідей жанып кетті (видео)

2022 жылдың 31 қаңтарында сағат 7.15-те 101 пультіне Бәйдібек ауданының Алғабас ауылынан 5 шақырым жерде шаруа қожалығының аумағында екі қабатты ғимарат өртенгені туралы хабарлама түсті.

Түркістан облысында қойшы мың бас қойымен бірге тірідей  жанып кетті (видео)
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ғимараттың бірінші қабатында қара мал, ал екінші қабатында шөп тұрған болатын. Шаруа қожалығы мен жақын жердегі өрт сөндіру бөлімі арасындағы қашықтық 40 шақырымды құрайды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 40 минутта жеткен. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Өрт салдарынан 1 150 бас қой қырылып, 150 тонна шөп жанып кетті. Оқиға орнынан қойшының денесі табылды. Өрт сағат 9.37-де оқшауланып, сағат 10.23-те сөндірілді. Көлемі анықталуда. Өртті сөндіруге Түркістан облысы ТЖ департаментінің 15 өрт сөндірушісі мен 4 бірлік техникасы жұмылдырылды.

«ТЖМ азаматтарға өрт қауіпсіздік қағидаларын сақтауға кеңес береді», - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтардың 47,7%-ы спортпен айналысады: дене белсенділігінің күнделікті нормасы қандай?

Ат спорты

1 қыркүйектен бастап Алматыда көліктерді тексерудің жаңа түрі енгізіледі

техникалық тексеру

Қазақстанға 1,1 трлн теңге қайтарылды: заңсыз активтер қайда жұмсалып жатыр?

Құрылыс компаниялары

Ақмола облысында мемлекеттік қызметкер құмар ойынға 6 млн теңгедей қаржы салған

құмар ойын, онлайн казино