USD
USD
USD

Түркістан облысында қарбыз ұрлаған оқушылар ұсталды

Түркістан облысында 20 қарбыз ұрлаған кәмелетке толмаған жеткіншектер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында қарбыз ұрлаған оқушылар ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Көкпекті ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын оның бақшасынан белгісіз адамдар 20 қарбыз ұрлап кеткенін хабарлады.

Шығын 30 мың теңге. Оның айтуынша, осы жылдың мамыр айында ол өзінің бақшасына 80 қарбыз отырғызған, күн сайын бақшасын суарып, күтіп баптаған. Мәселе шығында емес, еңбекте деп ашынды қарбыз иесі.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері осы ауылдың кәмелетке толмаған 10 тұрғынын анықтады (олардың бесеуі 14 жасқа толмаған). Олар өздерінің кінәларын мойындады. Тентектер қарбыздарды жеп қойған.

Қазіргі кезде 14 жасқа толған 5 жасөспірімге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Барлық жасөспірімдерді ювеналды полиция бақылауға алды, олармен түсіндіру жұмыстарын жүргізілуде. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты