USD
USD
USD

Түркістан облысында каналдан 6 жасар баланың мәйіті табылды

 Түркістан облысында каналдан 6 жасар баланың мәйіті табылды, деп жазды аймақтық Otyrar басылымы.

Түркістан облысында каналдан 6 жасар баланың мәйіті табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қайғылы оқиға Келес ауданы Абай ауылында орын алған. Бүлдіршін 13-ші маусым күні кешқұрым уақытта белгісіз жағдайда жоғалып кетіпті.

  Қайғылы оқиға Келес ауданы Абай ауылында орын алған Куәгерлер 2015 жылы туған баланы соңғы рет канал маңында ойнап жүргенде көрген екен.

«Аудандық төтенше жағдай бөліміне хабарласып, арнайы судан құтқару жасағы шақыртылған. 15 маусым күні таңғы сағат 9:45-те баланың денесі табылып, судан шығарылған. Бүгінгі таңда орын алып жатқан жағдайлардың негізгі себептері рұқсат етілмеген жерлерде шомылу және балалардың ата-ананың қарауынсыз қалуы», – дейді Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Қанат Қарабалаев.

3 күнге созылған іздеу нәтижесінде құтқарушылар баланың денесін Ошақты каналынан тауып, мәйітті судан шығарды.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

күдікті

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

.

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

.

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

.