USD
USD
USD

Түркістан облысында газ тарифі арзандады

Еліміздің газді өңірлерінде газ тарифі 6 пайыз өссе, Түркістан облысында 1 пайыз арзандаған. 

Түркістан облысында газ тарифі арзандады
Фото: NEGE.kz
 
Алматы, NEGE.  Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары Ерболат Ыбырайханов айтты.
 
«Газдың түпкілікті тарифінде екі мемлекеттік мекеме рөл атқарады. Біріншісі – Энергетика министрлігі. Олар бекітетін көтерме тариф түпкілікті тарифтің 70-80 пайызын қалыптастырады. Екінші тараптан тасымалдау құны мен тарифін біз қараймыз. Бұл түпкілікті тарифтің 20-30 пайызын алады. Бірінші шілдеден бастап тариф көтерілді. Себебі жалпы Қазақстан бойынша 6 пайызға көтерілсе, Шымкент пен Түркістан облысында тариф өскен жоқ. Керісінше 1 пайызға түсті деуге болады», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

 

Ерболат Ыбырайхановтың сөзіне қарағанда, 2018 жылы аталған өңірде тариф 34,5 теңге болса, 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап тариф 31,6 теңге болып бекітілген. Сондай-ақ, ол Өзбекстаннан келетін газдың тарифке әсері туралы пікір білдірді.

«Өзбекстаннан келетін газ туралы айтсақ, біздегі мәлімет бойынша ол жақтан келетін газдың мөлшері болар-болмас қана. Көп бөлігі Батыс өңірлерден келеді», - деді комитет басшысы.

Қазір оқып жатыр

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

депуттар

Депутат Қазақстанда тағы бір тілді ресми тіл ретінде тануды ұсынды

 Екатерина Смолякова

Брокер орташа табысы бар отбасыларға тиімді үш ипотекалық бағдарламаны атады

.

Полиция полковнигі Данияр Мейірхан сталкинг бойынша күдікке ілінген

Данияр Мейірхан