USD
USD
USD

Түркістан облысында есірткі жарнамалаған сайттар анықталды

Түркістан облысында есірткі жарнамалаған 214 сайт анықталды, деп хабарлады ҚазАқпарат

Түркістан облысында есірткі жарнамалаған сайттар анықталды
Фото: NEGE.kz

.

Алматы, NEGE. Жалпы, Түркістан өңірі бойынша 9 ай ішінде 165 есірткі қылмысы тіркелген. Сондай-ақ, 208 есірткі теріс қылықтары анықталып отыр. Оның ішінде 19-ы есірткі сату болса, 19-ы – аса ірі көлемде есірткі затын сақтау, 55-і – есірткі контрабандасы.

«Жыл басынан бері Түркістан облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының полицейлері заңсыз әрекетпен айналысқан 214 сайтты анықтап, бұғаттау бойынша шешім қабылдауға құзыретті мемлекеттік органға жолдады. Облыс аумағында есірткі өсімдігін еккен 69 дерек анықталды. Сондай-ақ, 200 мың түптен астам сора өсімдігі табылып, жойылды. Заңсыз айналымнан 1,5 тоннаға жуық түрлі есірткілер тәркіленді», - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Қазір оқып жатыр

Жаңаөзен әкімнің бұрынғы орынбасары ауруханаға демеуші бөлген қаржыны жымқыру ісі бойынша тексерілуде

ҚМА қызметкерлері мен күдікті

Қытайлық Temu маркетплейсіне Швейцарияда сатушыларға қысым көрсетті деген айып тағылды

Temu

Елена Рыбакина US Open финалына шықты

Елена Рыбакина

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик