USD
USD
USD

Түркістан облысында ер адам уақытша ұстау изоляторынан қашып кетті

11 маусым ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша ұрлық жасады деп айыпталған ер адам Сарыағаш аудандық ПБ-нің УҰИ-дан қашып кеткен, деп хабарлады Полиция. 

Түркістан облысында ер адам уақытша ұстау изоляторынан қашып кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқиға орнына тез арада жедел-тергеу тобы шықты. Қазір жан-жақты жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Іздеуге Түркістан облысы ПД-нің барлық жеке құрамы жұмылдырылған.

Бүгінгі таңда "Ұстап алу" жоспары іске асырылып жатыр. Сарыағаш қаласы мен облыстың кіреберісі мен шығысына бекеттер қойылды.

Сонымен қатар ұстау шарасына Түркістан облысымен көршілес Шымкент қаласының, Жамбыл, Алматы және Қызылорда облыстарының ПД, көліктегі полицияның бөлімдері мен ҚР ҰҚК Шекара қызметі де жұмылдырылған.

Полицейлер ер адамды анықтау мен ұстау мақсатындағы жедел іздеу шараларын жалғастыруда.

Қазір оқып жатыр

АҚШ келіссөздерден кейін Иранға қарсы санкцияларды алып тастады

санкция

Әлеуметтік желідегі алауыздық: Бас прокуратура ескерту жасады

желідегі алауыздық

Месси әлем чемпионаттары тарихында гол саны бойынша жаңа рекорд орнатты

Әлем чемпионаты

Әл-Фарабидегі жол апаты: Zeekr жүргізушісі 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Александр Пак