USD
USD
USD

Түркістан облысында ер адам танысының көлігін сатып жіберген

Түркістан облысында ер адам танысының көлігін сатып жіберген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында ер адам танысының көлігін сатып жіберген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сайрам аудандық полиция басқармасына көрші ауданның тұрғынынан арыз келіп түсті. Ер адамның айтуынша, оған танысы көлігіңді 95 мың теңгеге бояп беретін танысым бар деп сендіріп, ақшасын алып, онымен қоймай көлігін сатып жібергенін жеткізді.

Тәртіп сақшылары бұл деректі бірден тіркеп, істің мән-жайын анықтауға кірісті. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктіні анықтады. Полиция басқармасына жеткізілген ер адам Төлеби ауданының тұрғыны болып шықты. Белгілі болғандай, алаяқ автокөлікті жөндеуге көмектесу сылтауымен досының ақшасы мен көлігін алып кеткен. Содан кейін әлеуметтік желідегі хабарландыру арқылы біреудің көлігін 300 мың теңгеге сатқан.

Алған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктінің басқа да қылмысқа қатысының бар-жоғы анықталады.

Қазір оқып жатыр

Мемлекеттің заңсыз әрекетінен келген зиянды өтеу құқығы Конституцияда бекітілді

Адам ұрлау

Құрылтай сайлауы: негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары жарияланды

үгіт-насихат

Алматыдағы көшелердің біріне Денис Теннің аты берілді

Денис Тен

Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

амнистия