USD
USD
USD

Түркістан облысында ер адам дәрігерді пышақтап тастады

Түркістан облысында жекеменшік емханалардың бірінде ер адам дәрігерді ауыр жарақаттады. Бұл туралы Oturar басылымы жазды.

Түркістан облысында ер адам дәрігерді пышақтап тастады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Куәгерлердің сөзінше, күдікті кезек күтіп отырғанда ашуға булығып, рентгенолог-дәрігерді пышақтап тастаған. Әріптестері дәрігерде жедел ауруханаға жеткізген. Мамандардың сөзінше, пышақ жүрек маңына тиіпті.  "Кеуде қуысына келген жарақат кісі өліміне алып келуі мүмкін, себебі кез келген органды, тамырды зақымдауы ықтимал. Жарақат жүрек тұсында болған, сондықтан ота жасай алдық. Қазір науқастың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", – деді Сайрам аудандық орталық ауруханасының бөлім меңгерушісі Абдулхамид Әбдікуширов.  Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Ал жарақат алған дәрігер есін жиды.  "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабымен іс қозғалды. Полиция 27 жастағы ер адамды ұстады. Қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – дейді Түркістан облысы тергеу басқармасы басшысының орынбасары Мұхтар Сейдалиев. 

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси