USD
USD
USD

Түркістан облысында екі жасар бүлдіршін су құбырына құлап кеткен

Түркістан облысында екі жасар бала cуару каналына құлап кеткен. Құтқару қызметкерлері бүлдіршінді аман-есен шығарып алған.

Түркістан облысында екі жасар бүлдіршін су құбырына құлап кеткен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі оқиға 2022 жылдың 30 сәуірінде сағат 19.47-де болғанын хабарлады. Кентау қаласы, Хантағы ауылында кәмелетке толмаған бала 500 миллиметрлік суару құбырына құлап кеткен.

«Үлкендердің қарауынсыз қалған 2020 жылы туған баланың құбырға құлап, 15 метр қашықтықта тұрып қалғаны анықталды», – деді Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз хатшысы Талғат Уәли.

Құтқару операциясына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінен үш құтқарушы мен бір техника жұмылдырылды. Құтқарушылар баланы құбырдан шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Белгілі болғандай, баланың жағдайы орташа, дәрігерлердің бақылауында. Осы ретте Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауға шақырады.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек