USD
USD
USD

Түркістан облысында екі шетелдік іздестіріліп жатыр

Түркістан облысында суға батып кеткен екі шетелдік іздестіріліп жатыр. 

Түркістан облысында екі шетелдік іздестіріліп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Түркістан облысының құтқарушылары екі шетелдік студентті іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Төтенше жағдайлар қызметіне Үндістан Республикасының азаматтары Ақсу шатқалындағы Ақсу өзенінде суға түсіп, батып кеткені туралы ақпарат түскен.

Облыстық ТЖД мәліметінше, шетелдік студенттер Төлеби ауданындағы тауға 26 маусым күні саяхатқа шыққан. 21 студенттен құралған топ Шымкент қаласынан келген екен. Олар Үндістан Республикасының азаматтары, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері екені анықталған.

«Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне кешкі сағат 20:10 -да Төле би ауданының Ханарық ауылынан 5 шақырым жерде орналасқан Ақсу шатқалындағы Ақсу өзенінде 2001 жылғы 2 студенттің суға батып кеткені туралы ақпарат түседі.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖД-дан 19 қызметкер, 1 жүзу құралы және 4 техника, Полиция департаментінен 10 қызметкер және 5 техникасы мен құралдары жұмылдырылды. Іздестіру жұмыстары әлі жалғасуда» делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Қаржы сарапшысы: Базалық мөлшерлеме – нарықтағы ақшаның құны

Әсел Әуелбекова

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Дәрігер

«Центр плова Loft» ісі бойынша сот Ақмола облысы әкіміне жеке қаулы шығарды

блогер соты