USD
USD
USD

Түркістан облысында деструктивті діни ағым жақтаушысынан есірткі тәркіленді

Түркістан облысының полицейлері деструктивті діни ағым жақтаушысынан есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында деструктивті діни ағым жақтаушысынан есірткі тәркіленді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Түркістан олысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Қарасора” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында, есірткі өсімдігін өсірген күдіктіні анықтады.

Ол бұрын сотталған, деструктивті-діни ағымның жақтаушысы ретінде есепте тұрған Шардара ауданының тұрғыны болып шықты. Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде, тұрғынның үйінің ауласынан құрамында есірткі заты бар өсімдікке ұқсас 9 түп тапты.

Сондай-ақ жедел қызметкерлер тінту кезінде шыны ыдыс және полиэтилен пакетке салынған есірткі заттарын тәркіледі. Бұл фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі заттарымен, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) және ҚР ҚК-нің 300-бабы (Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша тіркеді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі заттары марихуана болып шықты. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Әл-Фарабидегі жол апаты: Zeekr жүргізушісі 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Александр Пак

ҰБТ басталған алты аптаның ішінде 624 талапкердің нәтижесі жойылған

ҰБТ

CTS Астанадағы LRT-ның келесі кезеңіне Қытай биржасынан инвестиция тартыла ма?

.

Мәжіліс төрағасы Брест қамалы музейіне Хиуаз Доспанованың мүсінін сыйға тартты

Ерлан Қошанов