USD
USD
USD

Түркістан облысында бүйрек трансплантациясы жасалды

Түркістан облысында бүйрек трансплантациясы жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысында бүйрек трансплантациясы жасалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Донордан бүйрек алу лапароскопиялық әдіспен жүргізілді. Бұл әдістің артықшылығы – ота жасалған орын тез қалпына келеді және инфекция жұқтыру қауіпі төмен болады.

Трансплантацияланған бүйректі имплантациялау операциясы шамамен 1,5 сағатты құрады. Операциядан кейін науқас жансақтау бөліміне жатқызылды. Қазіргі жағдайы қалыпты.

«Түркістан облысының облыстық клиникалық ауруханасында донорлық бүйрек трансплантациясы бойынша мастер-класс өтті. Мастер-классты А.Н.Сызғанов атындағы»Ұлттық хирургия ғылыми орталығы«АҚ төрағасы, профессор Болатбек Баймаханов өткізді.

Операция тікелей эфирде онлайн трансляция арқылы көрсетілді. Мастер-класқа облыстық клиникалық аурухана хирургтарынан бөлек аудандық ауруханалардың басшылары мен хирургтары да қатысты»-делінген Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе