USD
USD
USD

Түркістан облысында бес жасар қыздың өліміне қатысты сот басталды

6 қыркүйекте Түркістан облысында сот Сарыағаш ауданындағы бес жасар қызды қасақана өлтіру туралы істі қарауды бастады.

Түркістан облысында бес жасар қыздың өліміне қатысты сот басталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Адвокат Талғат Есімов 6 қыркүйек күні процестің басталғаны туралы айтты. Заңгер жазғандай, сот процесі басқа аймақта өтеді.

"Процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және үлкен резонанс аясында кез келген шектен шығудың жолын кесу үшін сот басқа өңірдің тергеу изоляторының аумағында өтеді. Жеке ұстанымым: үкім жалғыз болуы керек, сотталушы өмір бойы қоғамнан оқшау жүруі тиіс", – деді адвокат Талғат Есімов.

13 шілде күні Түркістан облысы Сарыағаш ауданының тұрғыны бес жасар қызының жоғалып кеткенін айтып, полицияға жүгінген. Ауыл тұрғындары полициямен бірлесіп, қызды іздеген. 5 жасар қыздың денесі жергілікті тұрғынның үйінің шатырынан зорлық-зомбылық белгілерімен табылған болатын. 

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс