USD
USD
USD

Түркістан облысында бес жасар баланы зорлаған ауыл тұрғыны сотталды

Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бес жасар баланы зорлаған ер адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Түркістан облысында бес жасар баланы зорлаған ауыл тұрғыны сотталды
Фото: NEGE.kz

Түркістан, NEGE.  Тергеу материалдарына сәйкес, Шұбарсу ауылының тұрғыны Аламан көшесінде ойнап жүрген баланы көрген. Алдап тұрғын үйге алып барған. Сол жерде баланың дәрменсіз күйін пайдалану арқылы сексуалдық сипаттағы зорлық- зомбылық әрекеттерін жасаған.

Полицейлер Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі ("Жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") бойынша тергеу шараларын өткізді.

Күдіктің кінәсі сот сараптамасымен дәлелденді. Куәгерлер де бәрін растаған. 35 жастағы ер адам өз кінәсін мойындады.

Қылмыстық кодекс бойынша осы қылмыс үшін 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Прокурор сотталушыны 20 жылға қатаң режимдегі колонияға жіберуді сұрады. Судья осы өтінішті қолдады. Баланы зорлаған ер адам 20 жылға сотталды. Бірақ ол аппеляциялық шағым түсірді.

Қазір оқып жатыр

Қызылордадағы шағын тоннажды мұнай өңдеу зауытында өрт шықты

мұнай өңдеу зауытындағы өрт

Әл-Фарабидегі жол апаты: Алматыда полиция экс-басшысы жүргізушісінің соты басталды

сот тыңдауы

Жұмыс күні аяқталғаннан кейін мұғалімдер ата-аналар чатындағы сұрақтарға жауап беруден бас тарта ала ма?

Атаналар чаты

Қаржы сарапшысы: Базалық мөлшерлеме – нарықтағы ақшаның құны

Әсел Әуелбекова