USD
USD
USD

Түркістан облысында алаяқ WhatsApp арқылы қаржы пирамидасын құрған

Түркістан облысында әйел «WhatsApp» арқылы қаржы пирамидасын құрған.  

Түркістан облысында алаяқ WhatsApp арқылы қаржы пирамидасын құрған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол мессенджерде үш түрлі чат ашып, адамдардан 24 миллион теңге жинап алған. Полицияда хабарлағандай, алаяқ «Асыл Инвест», «30% айналым», «Үш күнде 30%» деп аталатын үш чат ашқан. Адамдарды қаржылық пирамидаға қосқан әйел жылдам табыс табуға уәде берген. Алаяқтың сөзіне сенген салымшылар ақшаларын мобильді аударымдар арқылы жібергені анықталды. Осылайша әйел барлығы 25 адамды алдап соққан. 

Полиция қызметкерлері күдіктіні тұтқындаған, бірақ сот оны кепілге босатты. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр. 

Қазір оқып жатыр

Дәдебай Құрылтайдағы орынбасарларын таңдады

Құрылтай төрағасының орынбасарлары

Алматы әуежайында FlyArystan ұшағынан өрт шығып, бір қызметкер зардап шекті

өрт шықты

Қазақстан КҚК терминалындағы танкерлерге жасалған шабуылдардан кейін мұнай өндіруді қалпына келтірді

мұнай өндірісі

Қазақстандықтарға Малайзияға кіруге рұқсат берілмеу жағдайы жиілеген: СІМ мән-жайды түсіндірді

Малайзия