USD
USD
USD

Түркістан облысында алаяқ ломбардқа алтынға ұқсас әшекейлерді 4 млн теңгеге өткізген

Жетісай аудандық полиция бөліміне ломбардтан арыз түсті. Шағымданушы ер адамның айтуынша, сенімге кірген әйел алтынға ұқсас әшекейлерді алдап өткізіп, жәбірленушіге 4 млн теңге шығын келтірген.

Түркістан облысында алаяқ ломбардқа алтынға ұқсас әшекейлерді 4 млн теңгеге өткізген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Аталған факті ҚР ҚК-нің 190-бабы “Алаяқтық” бойынша тіркеуге алынды. Жергілікті тұрғын анықталды. 

Белгілі болғандай, тұрақты тұтынушы болып күдікті әйел алғашқы уақытта алтынның өзін өткізіп, артынан әшекей алқаларды да қосып отырған. Ал ломбард қызметкерлері алтындардың жасанды екенін байқамай қалған. Осылайша, жеңіл келген ақшаны бас пайдасына жаратқан.  

Қазір күдікке ілінген әйелге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары

Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін

Атырау мұнай өңдеу зауыты

«Кемшіліктерді мойындаймыз»: «ҚазАвтоЖол» жол саласындағы мәселелерді атады

Алматы облысы әкімдігі