USD
USD
USD

Түркістан облысында жаңа жұмыс орындары ашылды

Түркістан облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде жаңа жұмыс орындары ашылып жатыр. 

Түркістан облысында  жаңа жұмыс орындары ашылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жұмыс іздеген жұрт Жұмыспен қамту орталығы арқылы еңбекпен қамтамасыз етілуде. Мемлекеттік бағдарлама облыс басшылығының қатаң бақылауында. Бағдарлама аясында бірқатар ірі инфрақұрылымдық нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр.

Атап айтқанда, Созақ ауданы бойынша 15 инфрақұрылымдық жоба іске асырылуда. Нәтижесінде 83 жаңа жұмыс орындары құрылып, 45 адам халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмыспен қамтылды немесе 107,1 пайызға орындалып отыр.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, инфрақұрылымдық 8 жоба аясында құрылыс-жөндеу жұмыстары 90,7 пайызға орындалған. Ауданда әлеуметтік-мәдениет және инфрақұрылым нысандары мен елді мекендерді абаттандыру жұмыстары іске асырылуда.

Атап айтқанда, 4,2 шақырым жолға 103 баған жарық шамдар орнатылып, 1 шақырым аяқ жол жөнделіп, асфальт төселген.

Жұмыспен қамтылған азаматтардың ең төменгі жалақысы 85 мың теңгені құрады.

Сондай-ақ, Жол картасы бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде мердігерлер қажетті санитарлық–эпидемиологиялық талаптарды сақтап, қызметкерлер жеке қауіпсіздік құралдарымен қамтамасыз етілген. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасын іске қосу – пандемия кезінде жұмыспен қамту шараларының бірі.

Басты мақсат – жұмыссыздыққа жол бермеу және қосымша жұмыс орындарын құру.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ қарызы мен чемодандағы долларлар: депутат Наталья Годуновамен сұхбат

Годунова

Шекара маңындағы аймақтарға арнайы мәртебе берілуі мүмкін

Құрылтай

Қазақстан мен WADA допингке қарсы күресте күш біріктірмек

WADA Құрылтайшылар кеңесіне қатысушылар

Мысырда жанармай таситын көлік өртеніп, 31 адам қаза тапты

Оқиға орны