USD
USD
USD

Түркістан облысында 35 мыңнан астам абонент жарықсыз қалды

Түркістан облысында 35 мыңнан астам абонент жарықсыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркістан облысында 35 мыңнан астам абонент жарықсыз қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қарлы боран салдарынан бірнеше ауылда электр желілері үзіліп, істен шықты. Таңертеңнен бері Түркістан қалалық 109 бірыңғай байланыс орталығына электр жарығын қайта жағу мәселесімен 518 абонет хабарласқан. Созақ, Отырар, Сауран аудандарында 35 000 астам абонент жарықсыз қалды.

Түркістан облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, аймақ басшысы Дархан Сатыбалдының тікелей қадағалауымен жағдайды реттеуге барлық құрылымдар жұмылдырылған. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Облыстың басқа елді мекендерінде электр энергиясы штаттық режимде беріліп тұр.

Қатты дауыл әлі де жалғасады деген болжам бар. Осыған орай, облыстық төтенше жағдайлар қызметі шұғыл шаралар қабылдап, күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті. Тұрғындарға алыс сапарға шықпау қажеттігі ескертілді.

Қазір оқып жатыр

Қаза тапқан полицейлердің әйелдеріне төлемді қайта есептейді: ІІМ қателігін мойындады

ІІМ

Шымкентте полицей отырған қызметтік көліктен есірткі табылды

Полиция көлігі

Санжар Боқаевтың ісі: видеограф кінәсін мойындап, куәлік етуге дайын екенін айтты

кісі өлімі

Маңғыстауда алаяқтық дерегі бойынша танымал блогер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Салтанат Аманқосова