USD
USD
USD

Түркістан облысында 2243 адам көшірілді

Мақтарал ауданында 2243 адам қауіпсіз аймаққа эвакуацияланды. Бұл туралы төтенше жағдайға байланысты өткізілген онлайн брифинг кезінде Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Н.Жүнісов мәлімдеді.

Түркістан облысында 2243 адам көшірілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сондай-ақ, судан қауіп төнген Нұрлы жол мен Фердоуси ауылдарынан 415 үйдің 3200-ден астам тұрғыны да қауіпсіз аймаққа шығарылды. Жалпы осы сәтке дейін 5400 тұрғын қауіпсіз жерге орналастырылған.

«Жалпы су тасқыны аудан бойынша 4 елдімекенге қауіп төндірді. Бұл дегеніміз – 4624 халқы бар 868 үй су астында қалуы мүмкін еді деген сөз. Алайда, қазір дер кезінде қолға алынған шаралардың арқасында қауіптің беті қайтты. Төтенше жағдайға байланысты 18 эвакуациялық орындар дайындалды. Олар Атакент, Мақтарал, Жамбыл елдімекендерінде орналасқан. Апаттан құтқару жұмыстарына 630 адам, 2 су көлігі және 56 техника жұмылдырылды. Қажетті шаралар тиісті деңгейде атқарылып жатыр», – деді Н.Жүнісов.

Қазір оқып жатыр

«Грекияда 125 жылға сотталды»: Ақтөбелік ана СІМ-нен көмек сұрады

.

ОПЕК+ құрамындағы жеті ел қыркүйекте мұнай өндіру көлемін арттырады

Мұнай экспорты

Никол Пашинян Армения премьер-министрі қызметіне қайта тағайындалды

.

«Есіктен есікке дейін»: өңірлерде «Әділет» партиясының сайлауалды акциясы өтіп жатыр

.