USD
USD
USD

Түркістан облысында 11 жастағы қыз суға батып кетті

Түркістан облысының Абай ауылында қайғылы жағдай болды: 8 мамыр күні 11 жастағы оқушы қыз "Ошақты" каналына батып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысында 11 жастағы қыз суға батып кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қыз судан өздігінен шыға алмай қалған. Бұл жағдай оның құрбысының көз алдында болған.

Қыз ойнап жүріп, абайсызда суға құлап кеткен. Кейін денесі оқиға орнынан 5 шақырым жерден табылды.

"Суға батып кеткен қызды іздеуге Төтенше жағдайлар департаментінің 6 қызметкері, 8 полиция қызметкері, жергілікті атқарушы органдардың 4 қызметкері және туыстарынан 12 адам жұмылдырылды. Іздеу барысында "Ошақты" каналындағы су уақытша тоқтатылды", деп хабарлады Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

Қазір оқып жатыр

«Соңғы нәтиже сын көтермейді»: Скотт Манн ұлттық құраманың ойынына қатысты үн қатты

Скотт Манн мен Джон ван ’т Схип/kff.kz

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев