USD
USD
USD

Түркістан облысы коронавирустың алдын алды

Түркістан облысында коронавирустың алдын алуға байланысты оқу-жаттығу өтті.  

Түркістан облысы коронавирустың алдын алды
Фото: NEGE.kz

 Алматы, NEGE. Түркістан облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мамандарының ұйымдастыруымен аудандар мен қалаларда құзырлы органдар және мекемелермен бірлесе отырып Қытай республикасынан басқа елдерге тарап жатқан коронавирусты инфекцияның (2019-nCoV) алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері бойынша оқу-жаттығу сабақтары өткізілді. Атқарылған іс-шараларға жергілікті жерлердегі бұқаралық ақпарат құралдары кеңінен тартылған.

Жұқпалы дерттің белгілері тұмауға ұқсас: бас ауырады, дене қызуы көтеріледі, әлсіреп, тыныс алу нашарлайды. Асқынған жағдайда пневмония мен бүйрек жетіспеушілігінен өлім-жітімге дейін әкелуі мүмкін. Тұмауратудың осындай белгілері анықталса, өз бетінше емделмей, бірден дәрігер көмегіне жүгінгеніңіз абзал. Көпшілік жиналған орындар және ауру симптомдары бар науқастар, жануарлармен қарым-қатынасты шектеп, жеке бас гигиена ережелерін сақтаңыздар. Қолды жиі сабынмен жуып, керекті жағдайда медициналық бетперде қолдану керек. Сарапшы мамандар Қазақстан азаматтарына Қытай мен коронавирус тараған елдерге жоспарлаған сапарларын уақытша тоқтатуға немесе бас тартуға кеңес береді. 

Қазір оқып жатыр

«Ордабасы» ҚПЛ жеңімпазы атанды

Ордабасы

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент