USD
USD
USD

«Түркістан облысы әкімінің орынбасары істі болды»

Бүгін кешке бірқатар телеграм-каналдар Түркістан облысының әкімі Мейіржан Мырзалиевке қатысты Жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу бастағанын хабарлады.

«Түркістан облысы әкімінің орынбасары істі болды»
Фото: NEGE.kz

Әкімнің орынбасарына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) бойынша іс қозғалған. Кейбір деректер қарағанда, М.Мырзалиевтен бөлек, Түркістан облыстық әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы мен оның қарамағындағылар және бұларға қатысы бар ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің жетекшісі де істі болған.

Мейіржан Мырзалиев денсаулығына байланысты анықтама алғандықтан, жұмысына қатысты міндеттемелерден босатылған. Мұны «Шөкеев істі болған орынбасарын жұмыстан босатты» деуге бола ма, жоқ па, оны алдағы күндері білетін боламыз.

Мейіржан Иябайұлы 1980 жылы туған. Еңбек өтілін Алматы әкімдігінің құрылыс басқармасында бас маман болып бастапты. Одан кейін Премьер-министрдің канцеляриясында, Қостанай облысы әкімдігінде лауазымды қызметтер атқарған.

Ө.Шөкеев.

«Төбесінің тесігі бар» сарапшылар Мырзалиевке қатысты бұл оқиғаны Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің соңғы кездегі белсенділігімен байланыстырады. Өйткені «келесі премьер Шөкеев болуы мүмкін...», «Шөкеев Алматыға әкім болып келеді екен...» деген әңгімелер желдей есіп тұр.

Н.Назарбаев Түркістанда. Фото: elbasy.kz

Қалай болғанда да, бұл жуырда ғана жұмысына Елбасының өзі қол соққан мақтаулы әкім Өмірзақ Естайұлына оңай соққы болмайын деп тұр.

Жаңа әкімдіктің дәл іргесін «қазып» шыққанына қарағанда, Шөкеевтің қарсыластары да оңай-оспақ болмаса керек, сірә...

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

.

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

.

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

.

Әшімбаев, Қошанов пен Бектенов соғыс құрбандарының рухына тағзым етті

.