USD
USD
USD

Түркістан мен Ташкент арасында жоғары жылдамдықты магистрал іске қосылуы мүмкін

2021 жылғы 12 ақпанда ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Саидикрам Ниязходжаевпен кездесті.

Түркістан мен Ташкент арасында жоғары жылдамдықты магистрал іске қосылуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Тараптар екіжақты ынтымақтастықты тереңдету перспективаларын талқылады. Оның ішінде инфрақұрылымдық жобаларға ерекше назар аударды, деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы.

Нұр-Сұлтан. NEGE.  Қазақстан мен Өзбекстан екі елдің туристік әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін жоғары жылдамдықты Түркістан – Шымкент – Ташкент теміржол жолаушылар қатынасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізуде. Бұдан басқа, Өзбекстан аумағына шығатын Мақтарал – Дарбаза жаңа желісін салу жоспарда бар. Ол жоба Сарыағаш өткелі пунктінің жүктемесін едәуір азайтады.

Сонымен қатар, Түркістаннан Ташкентке дейін созылатын жаңа жоғары жылдамдықты магистралды іске қосу көзделіп отыр. Сондай-ақ, министр мен елші әуе қатынасы жайын талқылады. Коронавирус пандемиясына қарамастан, екі ел арасындағы рейстер тұрақты орындалуда. Болашақта олардың санын ұлғайту, сондай - ақ Өзбекстанның Үргенч, Самарқанд, Нүкіс қалаларынан Қазақстанның Түркістан, Ақтау және Тараз қалаларына жаңа бағыттар ашу жоспарда бар. Инфрақұрылымдық жобалардан бөлек кездесуге қатысушылар өнеркәсіптік жобаларға назар аударды.

Тараптар Қазақстандағы машина жасау саласына маманданған, сондай-ақ Өзбекстан аумағында фармацевтикалық өнім шығаратын бірлескен кәсіпорындар құрмақшы. Сондай-ақ, Шымкентте дәрілік заттар және гигиеналық бұйымдар шығаратын зауыт салу жоспарлануда.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанда фемицид үшін Қылмыстық кодекске жеке бап енгізу ұсынылды

фемицид

Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады: полиция қылмыстық іс қозғады

Қылмыстық іс

Алматы соты «журналистерді қамап қойды» деген ақпаратты теріске шығарды

журналистерді қамап қойған

Маңғыстаудағы ауылдардың бірінде сексеннен астам үйдің ауласын су басты

су басу